19.01.2023, 12:15
Оқылды: 46

Арменияда әскери бөлім өртеніп, 15 адам мерт болды

19 қаңтарда Арменияның Гегаркуникск облысы Азат ауылында әскери бөлімнің казармасында өрт шығып, 15 әскери қызметші мерт болды. 3 әскери қызметшінің жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Арменпреске сілтеме жасап хабарлайды.

IMG-20230119-WA0005

«19 қаңтарда 01:30-да Армения Республикасы Қорғаныс министрлігі N әскери бөлімінде инженерлік-саперлік рота казармасында белгісіз жағдайда өрт шыққан. Өрттен қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар», - делінген агенттік хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: armenpress.am

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале