11.09.2024, 15:00
Оқылды: 103

Артем Кичкин: «Жыл соңына дейін мергендер еліміздегі үш ірі жарыста бақ сынайды»

Садақ  атудан Қазақстан командасы үшін биылғы маусымдағы халықаралық турнирлер аяқталды. Енді спортшылар жыл соңына дейін өтетін республикалық жарыстарға қатысады, деп жазады Olympic.kz. 

5F39C835-78CA-45FD-8454-2298676F287D

Суреттер: Olympic.kz

Бұл туралы садақ атудан Қазақстан командасының бас бапкері Артем Кичкин мәлімдеді. 

«Қазір барлық спортшымыз өз аймақтарында жаттығып жатыр. Олимпиада ойындарынан соң әлемдік жарыстар тізбегі аяқталды. Әлем кубогі кезеңдері де толық мәресіне жетті.

Енді біздің мергендер күз айларында өтетін үш ірі республикалық бәсекеде бақ сынайды. Алдымен 17-24 қыркүйек күндері Шымкент қаласында садақ атудан Қазақстан кубогінің үшінші кезеңі өтеді. 

Содан соң, ел кубогінің финалы қазан айына жоспарланып отыр. Ал жылды қорытындылайтын турнир - жабық ғимараттағы Қазақстан біріншілігі. Бұл дода қараша айында Астанада өтеді.

Жаңа маусымның шымылдығын ашатын алғашқы халықаралық турнир ақпан немесе наурыз айында өтетін Азия кубогі болмақ. Жыл соңына дейін қандай да бір жаттығу жиынын өткізу туралы қазір ақылдасып жатырмыз», - деді бас бапкер. 

Еске салайық, садақ атудан Париж Олимпиадасында Қазақстан намысысын Ильфат Абдуллин, Александр Еремин және Дәулеткелді Жаңбырбай қорғады. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале