17.03.2023, 12:59
Оқылды: 20

Артистік жүзуден Ұлттық құрама маусымды Канадада бастайды

16-18 наурыз аралығында Канаданың Маркем қаласында 23 елден келген 120-ға тарта спортшының қатысуымен артистік жүзуден Әлем Кубогының алғашқы кезеңі өтеді, деп жазады спортты дамыту дирекциясы.
c52a106a146dc75c6cd11f1a2405e43d

Бұл бәсекеде ел намысын Эдуард Ким, Ясмин Тұяқова, Жәния Жиенғазы, Наргиза Болатова мен Арина Пушкина қорғайды. Олар жұптық, аралас жұптық және жекелей сында өнер көрсетеді. Бұл спортшылар былтырғы ел чемпионатының нәтижесінде іріктелген.

Биылғы Әлем Кубогының 7-маусымында 4-кезең бар. Атлеттер Канададан кейін Мысыр астанасы Каир (28-30 наурыз) мен Францияның Монпелье қаласында (5-7 мамыр) шеберлік байқасады. Сосын, FINA әр бағдарламадағы үздік 12 спортшыны анықтап, Суперфиналға шақырады. Суперфинал болатын қала мен уақыты кейін анықталады.

Айта кетейік, су спорт түрлерінен ХХ әлем чемпионаты биыл жазда Жапонияның Фукуока қаласында өтеді.

Осыған дейін артистік жүзуден Әлем Кубогы 2017-2022 жылдар аралығында «FINA-ның Әлем сериясы» атауымен өткен. Ал оған дейін (2006-2016 бен 1979-2014 жж) Халықаралық су спорт түрлері федерациясы (FINA) артистік жүзуден Әлем Кубогын жылына тек бір мәрте ғана ұйымдастырған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале