Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF турнирінің екінші айналымына өтті.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Әлемнің 792-ракеткасы Аружан алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 929-орында тұрған италиялық Камилла Санолинимен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен сүріндірді. Аружан Сағындықова ширек финалға шығу үшін әлемнің 347-інші, жарыстың 1-ракеткасы, румыниялық Андреа Присакариумен кездеседі.