Қазақстан халқы Арыс қаласындағы әскери қоймадағы төтенше жағдайға алаңдаулы. "Қазір арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті. Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды" деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес тұрғындар лагерьлерге орналастырылады. Әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.
Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.
Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.
Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан "Бөген" су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз. Сондай-ақ, Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде,-деп хабар таратты Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Қауырт желісі» жұмыс қосылғанын хабарлады. "Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты БҚО ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайды. Тәулік бойы 8 (7112) 55-40-90 телефон нөмірі бойынша сіз қажетті ақпаратты ала аласыздар" деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
zhaikpress.kz