11 сәуір Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық заттарын жеткізу арнасын жабу бойынша арнайы операция жүргізді. Бұл туралы polisia.kz жазды.
Арнайы іс-шаралардың нәтижесінде Байзақ ауданы Үлгілі ауылының 53 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдіктінің үйін тінту барысында оның бөлмесінен 3 430 дана "Трамадол", 90 дана "Самнол", 138 дана "Тропикамид" тәркіленді.
Барлығы 3 430 таблетка, 514 гр 5 млгр синтетикалық зат алынды.
ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Ұсталған адам кінәсін толық мойындады.
Күдіктіге 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.