Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Фото ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының instagram парақшасынан
Стенд атудың скит бағдарламасында отандасымыз Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеді. Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті.
Тағы бір Ұлттық құрама мергені Ольга Панарина ақтық сында 4-орын алды (34 ұпай).