Қысқа әңгімелерге құлай сүйсіндіретін жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллиннің «Биленбеген вальс» кітабына он шақты әңгімелері еніпті. Жаратылысынан жалт етіп, көзге түсуге құмартпайтын, жазғандарым адамзат игілігіне жараса игі еді деп жүретін көкірек-көзді ініміз кітапқа енген шығармаларымен бүгінгі дүниеміздің тамырын дөп басқан. Бұған дейін де талай әңгімелерге қалам тартқан оның қысқа әңгімелердің құпиясын шебер меңгергені тағы да алдымызды орады. Шұбырған ойдың орамынан өзіне ең қажетті тұсын ойып алып, қағазға түсіре білетін ептілігі ерен, көріпкелдігі көрініп тұр.
Осы пікірімізді оның «Қысқы орман» әңгімесіндегі «Сонысына қарап мен кейде қысқы орманды өмірдің ащысын да, тұщысын да көп көрген, басынан көп жайды өткерген, көңіл сарайына көп түйген, кеуде-сандығына көп керектіні жинаған қазыналы қарияға ұқсатамын» деп жазуы суреткерлік шеберліктің ізі ме деп қаласың.
Бұл мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №84 санынан оқи аласыздар!
Тілес Жазықбай,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі