3.09.2024, 12:00
Оқылды: 93

АШМ: «4,2 млн га дәнді дақыл жиналды»

Бүгінгі таңда 4,2 млн га дәнді дақыл жиналды. Орташа өнімділік 15,3 ц / га болғанда 6,4 млн тонна астық бастырылды, деп мәлімдеді АШМ-ның баспасөз қызметі.

7B9FA125-F411-414B-96F0-8C709763EF90

Сурет: pixabay.com

«Бидай 3 млн гектарға жуық алқапта жиналды, өнімділігі 15,0 ц / га 4,5 млн тонна, арпа – 926,7 мың га, өнімділігі 16,5 ц / га 1,5 млн тонна, сұлы – 36,1 мың га, өнімділігі 15,8 ц/га 57 мың тонна.

Картоп 25 мың гектар алқаптан 268,3 ц/га өнімділікпен 669,8 мың тонна жиналды, көкөніс дақылдары 62,2 мың гектардан 247,7 ц/га өнімділікпен 1,5 миллион тоннадан астам жиналды.

Бақша дақылдары 88,9 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 257,9 ц/га, жалпы алым 2,3 млн тоннадан асты.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік өзге техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмысында жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда үш есе көп.

Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда», деп жазылған хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале