20.12.2023, 18:00
Оқылды: 47

АШМ жол картасының жобасын ұсынды

Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдар және облыс әкімдіктерімен бірге Қазақстан Республикасында саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының жобасын әзірледі.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

алма жп

Картаны іске асыру саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын толыққанды түгендеуге, сондай-ақ саяжай алаптарының инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

Жол картасында облыс әкімдіктерінің саяжай алаптарындағы барлық жер учаскесіне толық түгендеу жүргізу, саяжай алаптарының инфрақұрылым объектілеріне (жол, электр, ауыз су және суару суы) қажеттілігін айқындау, қоғамдық көліктің тұрақты қатынасын ұйымдастыру, саяжай кооперативтерін мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу және өзге де шараларды іске асыру көзделген.

Құжат жобасы 12 желтоқсанда "Ашық НҚА" порталында жарияланған. 27 желтоқсанға дейін жария талқылауда болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале