19.05.2025, 13:00
Оқылды: 180

Ашығудың адамға пайдасы қандай?

Ашығу – адам организмін тазартудың ең тиімді әдісі саналады. Оның пайдасы мен зияны қандай? Бұл туралы ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің эндоскопист-дәрігері Шоқан Секербеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Healthy food and fitness concept: Top view of a bowl filled with fresh organic vegetables salad shot on white background. Dumbbell weights and a tape measure are around the salad bowl. High key DSRL studio photo taken with Canon EOS 5D Mk II and Canon EF 100mm f/2.8L Macro IS USM.

Сурет: istockphoto.com

Дәрігердің айтуынша, ашығудың организмге зияны жоқ.
- Жекелей алғанда, ашығу – организмге өте пайдалы деп айтар едім. Өйткені, тоқ ішектің бактериялары жаңарады. Әрине, ең бірінші, ашығу кезінде шектен шығып кетпеген жөн. Дұрыс ашығу – қашан да пайдалы. Ашығудың медицина тұрғысынан да, діни көзқарас тұрғысынан да организмге әкелетін пайдасы көп. Мәселен, ашығу арқылы жүрек ауруларының, неврологиялық проблемалардың, қант диабетінің, түрлі қабынулардың, күйзелістің алдын алуға болады. Гормон реттеліп, салмақты қалыпқа келтіруге үлкен мүмкіндік, - деп атап өтті эндоскопист-дәрігер.

Алайда дәрігер шектен шықпаған дұрыс екендігін алға тартты.

- Ашығу – әр адам үшін жеке. Ашығуды бастамас бұрын адамның салмағы, жасы, қай қалада тұратыны, күннің түсуі, ауа райы, климат бәрі ескеріледі. Ашығу арқылы ағза жылдар бойы жиналған токсин мен шлактардан тазарады. Ашығудың пайдасы дәлелденген миллион зерттеу бар. Сондықтан дәрігер ретінде сауатты ашығуды, дұрыс тамақтануды ұсынамын, - дейді Шоқан Секербеков.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале