Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов Өңірлік коммуникациялар орталығында 2025 жылдың өткен кезеңіндегі жұмыс нәтижелерін баяндады.

Өңірде 382 мемлекеттік органда 3 291 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, мемлекеттік қызметшілердің 59%-ын әйелдер құрайды, бос орындардың саны – 5%. Жыл басынан 311 адам мемлекеттік лауазымдарға тағайындалған.
Есептік кезеңде Департаментпен 52 мониторингтік іс-шара жүргізіліп, мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен қызметтік этика нормаларын бұзудың 2 850 дерегі анықталды, 134 азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, 1 630 заңбұзушылық түзетілді.
Департаментпен 58 қызметшінің негізсіз 65 сағат артық жұмыс істеу деректері анықталып, қабылданған шаралар нәтижесінде олардың еңбек құқықтары қалпына келтірілді, қосымша демалыс берілді.
Әдеп жөніндегі кеңестің 5 отырысында 28 мәселе қаралды, олардың 64%-ы – профилактикалық бағыттағы мәселелер.
Әдеп нормаларын бұзған және мемлекеттік қызметке кір келтірген 9 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың 3 098 бұзушылығы анықталды,
ең көбі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау
және жер қатынастары салаларында тіркелді. Азаматтардан келіп түскен шағымдарды қарау нәтижесінде 15 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, Департамент басшысы 2025 жылғы 1–30 маусым аралығында Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеу өтіп жатқанын айтып өтті. Өтінім pkrezerv.gov.kz сайтында қабылдануда.
«Бүгінгі мемлекеттік аппаратқа – кәсіби, елге адал қызмет етуге дайын жастар қажет. Президенттік резерв – бұл жас буынның ел дамуына қосар нақты үлесі. Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамын», – деді Мұрат Байсалов.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті