3.11.2020, 10:58
Оқылды: 39

Асқар Мамин бір ай ішінде барлық өңірде газ-техникалық инспекцияны құруды жүктеді

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин бір ай ішінде барлық өңірде газ-техникалық инспекцияны құруды тапсырды. Сәйкесінше мұндай инспекция Батыс Қазақстан облысында да құрылатын болады.

660AF142-E850-43FD-9F1D-9AB4D45A5990

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңға сәйкес әкімдіктер газ-техникалық инспекция құрып, бүкіл газ жабдығын тексеріп тұруы керек. Алайда бұл жұмыс астанада, Алматыда, Ақмола облысы мен Қостанай облысында ғана атқарылды. Басқа барлық өңірлердің әкімдіктеріне бір ай ішінде газ-техникалық инспекция құрып, тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр. Сонымен қатар Үкімет басшысы жауапты ведомстволар тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру шараларын күшейтуі керектігін атап өтті.

«Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша халық арасында алдын алу жұмыстарын күшейтсін. Ақпарат министрлігі жәрдем көрсетсін», - деп атап өтті Асқар Мамин.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале