5.05.2020, 11:46
Оқылды: 47

Асқар Мамин: "Елімізде коронавирустың таралуына қатысты жағдай тұрақталып келеді"

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі коронавирусқа қатысты қалыптасқан ахуал бойынша есеп берді.

55055980-AE6E-4684-90A6-F512DD181444

«Өткен тәулікте 129 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 3,3 пайызды құрады. Жаңа науқастардың арасындағы 84-і, яғни 65 пайызы алдын алу скринингтің негізінде табылған. 36 науқас медициналық көмекке жүгінген және 9 науқас шет елден келген. Ең жоғары деңгей Алматы қаласында - 33 науқас және Батыс Қазақстан облысында - 20 науқас. Ең үлкен өсім 13,8 пайыз Маңғыстау облысында. Кешегі күні 2 науқас, жалпы 29 науқас қайтыс болды. 1173 науқас емделіп шықты. Қазіргі күні 2847 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулік бойынша елімізде 13 550 тест өткізілді. Жалпы, 4,5 мыңы скрининг мақсатында өткізіліп отыр», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Үкімет басшысы Асқар Мамин елімізде коронавирустың таралуына қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанын баса айтты. - Осы үдерісті сақтауымыз керек. Бұл бізге карантиндік шараларды одан ары жеңілдетуге мүмкіндік жасайды, - деді Премьер-Министр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале