9.09.2020, 11:15
Оқылды: 22

Асқар Мамин: «Медициналық құралдардан тапшылық болмайды»

Үкімет басшысы Асқар Мамин күзде вирусты аурулар мен тұмау жұқтыру жағдайларының арту ықтималдығына байланысты қандай шаралар қолға алынғанын айтып берді.

Mamin

«Қабылданған шаралардың арқасында елде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанды. Коронавирус инфекциясы мен вирустық пневмонияның тәуліктік өсуі 0,5 пайыз шегінде. Бүгінгі таңда осы инфекцияны жұқтырған адамдардың 94 пайызы емделіп шықты. Инфекцялық ауруханалардың жүктелуі 15 пайызы ғана. Коронавирус инфекциясына байланысты жедел жәрдем шақыру 80 пайызға дейін төмендеді», – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің айтуынша, ауру жұқтырғандардың санын азайтып, медициналық көмек тиімділігін жақсарту бойынша нақты шаралар қабылданған. «Өздеріңіз білетіндей күзде вирусты аурулар мен тұмау жұқтыру жағдайлары артады. Осыған байланысты 15 қыркүйектен бастап халыққа тұмауға қарсы вакцина салу басталады. Өңірлерде 12 инфекциялық аурухана салынып жатыр. Екі стационар қайта жаңартылуда. Жалпы ауруханалардағы орындардың санын 50 мың орынға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Ауылды жерлердегі медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Жедел жәрдем автокөліктерімен және барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр. Жеке қорғану құралдары мен дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры жасалды. Тапшылық болмайды», – деді ол. Үкімет басшысы одан бөлек тамыз айынан бері ауруханаларда вирусты инфекциядан емделу үшін халыққа тегін дәрі-дәрмек беріліп жатқанын мәлімдеді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале