26.05.2025, 13:00
Оқылды: 442

Асқар Шайхиевті еске алу турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды

Оралда самбодан Әлем Чемпионы, Әлем Кубогының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Тастайұлы Шайхиевты еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында республикалық турнир басталды.

TME00636

Қысқа ғұмырында Жайық өңірінің ғана емес, ел спортының дамуына сүбелі үлес қосқан  тұлға есімін ұлықтауға арналған жарысқа еліміздің барлық аймағы мен көршілес Ресей Федерациясынан келген 300-ден астам спортшы қатысуда.

Ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, аға ұрпақ өкілінің ерлігіне тағзым ету, дарынды спортшының жеңісті жолын жалғастыруды мақсат еткен палуандардың бәсекесінің ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясының атқарушы директоры Әйбек Имашев, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ересектер арасында елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы Максим Раков, дзюдодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ересектер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев, Шайхиевтер отбасының досы, дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының директоры Рысбек Қадырбек және БҚО дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиевтар қатысты.

c903a894-62b3-4e8c-bc73-9b767aa069f6

- Өңірде дзюдо күресіне деген қызығушылық жоғары. Қазіргі таңда 6-мыңнан астам жас осы спорт түрімен айналысады. Асқар Тастайұлы әлемнің әр нүктесінде көк туымызды желбіретті. Жайық жағасында жалауы желбіреген турнирге келген спортшылар сол Асқар ағамыздай ел намысын бермейтін палуан, ел қамын ойлаған азамат болады деген ойдамыз, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

MAKE0056

Одан соң Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясының атқарушы директоры Әйбек Имашев пен Шайхиевтер отбасының досы, Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының директоры Рысбек Қадырбек сөз алып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ бәсеке басында Мұратбек Қайырсапаұлы, Талғат Асқарұлы, Мейрамбек Ерболатұлы, Ермек Мәлікұлы сынды азаматтар  Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясының алғыс хаттарымен марапатталды.

Жарыс мамырдың 26-сы аяқталады.

MAKE0003 2

"Жайық Арена" спорт кешеніндегі татами бәсекесінің алғашқы күнінде әйелдер 48, 52, 57, 63 келіде, ерлер 60, 66, 73 келіде кім мықтыны анықтады.

Қорытындысында

Әйелдер:

- 48 кг

І орын - Аяна Дүйсенбай (Атырау облысы)

ІІ орын - Жібек Жақсыбай (Атырау облысы)

ІІІ орын - Жанерке Асқарова (Қызылорда облысы)

ІІІ орын - Тоғжан Дәулеткелді (Жетісу облысы)

-52 кг

І орын - Толғанай Әбеуова (Ақмола облысы)

ІІ орын -  Фатима Сұпұғалиева (БҚО)

ІІІ орын - Айшабибі Мурадимова (БҚО)

ІІІ орын - Балнұр Әбдешева (Абай облысы)

-57 кг

І орын - Айару Тилеубаева (Қостанай облысы)

ІІ орын - Шұғыла Аятқызы (Шымкент)

ІІІ орын - Ұлдана Усейн (Шымкент)

ІІІ орын - Рамина Акчурина (Ақтөбе облысы)

-63 кг

І орын - Зарина Сарипова (Абай облысы)

ІІ орын - Дана Әбдірова (Атырау облысы)

ІІІ орын - Аружан Сәтова (Астана)

ІІІ орын - Нұрбибі Ұлықбекова (Қызылорда облысы)

Ерлер:

-60 кг

І орын - Нұрхан Зейнолла (БҚО)

ІІ орын - Дильшот Миртурсун (Шымкент)

ІІІ орын - Армат Қабдолов (БҚО)

ІІІ орын - Асылхан Зинуллин (БҚО)

-66 кг

І орын - Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)

ІІ орын - Шерхан Бақтығалиев (БҚО)

ІІІ орын - Мирас Жонысов (Ақтөбе облысы)

ІІІ орын - Әділбек Берікұлы (Қызылорда облысы)

-73 кг

І орын - Сенім Сейткалиев (Батыс Қазақстан облысы)

ІІ орын - Саят Сейткалиев (Батыс Қазақстан облысы)

ІІІ орын - Нұрислам Жақсылық (Қызылорда облысы)

ІІІ орын - Мұхамеджан Жұман (Шымкент)

 

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале