Бұл мәселе Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Орал гарнизонының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының кезекті отырысында қаралды.
БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен түскен мəліметке сүйенсек, отырыста Орал гарнизоны бойынша тоғыз ай ішіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, Теректі, Бәйтерек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің бастықтары бөлімшелерде сыбайлас жемқорлықққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдарының бастықтарына әскерге күзгі шақыру кезеңінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу жөнінде бірқатар нақты нұсқау-тапсырмалар берілген.
zhaikpress.kz