10.07.2025, 11:30
Оқылды: 152

Әскери ант — ерлікке бастар қадам

Отан алдындағы борышын өтеуге кіріскен жас сарбаздар үшін аса маңызды әрі тарихи сәт — әскери ант қабылдау рәсімі жақындап қалды. Осыдан он күн бұрын Ұлттық ұланның Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне қабылданған жас жауынгерлер 26 шілде күні өтетін салтанатты шараға қызу дайындалып жатыр.

WhatsApp Image 2025-07-10 at 11.55.35

Сарбаздар бұл рәсімге ерекше ықыласпен әрі жоғары жауапкершілікпен дайындалуда. Солардың бірі — Ақтөбе қаласынан шақырылған қатардағы жауынгер Сапарбай Нұрқасым. Ол бұл маңызды күнге ата-анасы мен бауырлары арнайы келетінін айтып, өз ойымен бөлісті:

— Біз үшін бұл тек салтанатты рәсім емес, болашақ жауынгерлік жолымыздың бастамасы. Ант қабылдау кезінде саптық дайындығымызды жоғары деңгейде көрсетіп, Отан қорғаушылардың лайықты ұрпағы екенімізді дәлелдеуіміз керек, — дейді жас сарбаз.

WhatsApp Image 2025-07-10 at 11.55.36 (1)

Биыл 5517 әскери бөлімінде 200-ден астам сарбаз әскери ант қабылдайды деп жоспарлануда. Бұл — әскери қызметтің ресми басталуы ғана емес, әрбір жас жауынгер үшін адалдық пен ерліктің символына айналатын тағылымды күн болмақ.

 

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале