10.02.2026, 10:00
Оқылды: 77

Әскери бөлім командирлерімен жедел жиын өтті

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлім командирлерінің қатысуымен жедел жиын өтті. Іс-шара «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқармасында ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-02-10 at 10.54.38

Жиынның негізгі мақсаты – әскери бөлімдердегі қызметтің өзекті мәселелерін талқылау, басқару қызметінің тиімділігін арттыру және алдағы кезеңге қойылған міндеттерді нақтылау болды.

WhatsApp Image 2026-02-10 at 10.54.39

Жедел жиынға Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал және Жаңаөзен қалаларында орналасқан Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің командирлері қатысты. Іс-шара барысында әскери басқару жүйесін жетілдіру, күнделікті қызметті ұйымдастыру, әскери тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері кеңінен қаралды.

WhatsApp Image 2026-02-10 at 10.54.40

Жиын аясында бірқатар маңызды бағыттар бойынша көрсетілімдік және топтық сабақтар өткізілді. Сабақтарда бөлімдердегі жауынгерлік дайындықты арттыру, жеке құраммен жұмыс жүргізу, сондай-ақ қызмет барысында туындайтын мәселелерді шешудің тиімді жолдарына ерекше назар аударылды.

WhatsApp Image 2026-02-10 at 10.54.36

Шара соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар 2025 жылы жауынгерлік дайындық, жауынгерлік қызмет, әскери тәртіп пен заңдылық бағыттары бойынша үздік деп танылған әскери бөлімдердің командирлеріне арнайы дипломдар табысталды.

WhatsApp Image 2026-02-10 at 10.54.37

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік

қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале