Қазақстанның Бас әскери прокуратурасы әскери мүліктің ұрлануына қатысты сегіз қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сурет: Egemen.kz
Ведомствода Қазақстанның әскери бөлімдерінде тексерістер өткендігі нақтыланды.
«Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында 825 млн теңгеге жуық сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды», делінген Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қадағалау органында анықталғандай, тергеуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.