Облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаевтың төрағалығымен көктемгі және күзгі әскери қызметке шақырудың қорытындысы бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында қала және облыс аудандарының әкімдіктеріне нақты тапсырмалар беріліп, осы бағытта бақылау, халықпен түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.
ҚР Қарулы Күштері және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарын жасақтау үшін біздің облыстан 600-ден астам әскерге шақырылушы жіберілді. Олардың ішінде 120-дан астамы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 300-ден астам жауынгер Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне, 200-ден астам шақырылушы Ұлттық ұлан қатарына қызмет етуге аттанады.
zhaikpress.kz