7.09.2023, 14:45
Оқылды: 46

Әскери қызметшілер мен әскерге шақырылушылар қарыздар мен микрокредиттердің төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін алу үшін нені білуі қажет

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша деректеріне сәйкес, төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде 1,4 млрд теңге сомаға 8,8 мың қарыз бойынша 5 мың әскерге шақырылушы мен әскери қызметшіге берілді.

F1167C47-B81A-4574-858D-8ED429342999

Еске сала кетейік, 2022 жылғы желтоқсанда ҚР Қорғаныс министрлігі мен Агенттік арасында мерзімді әскери қызметке шақырылған қарыз алушылардың банктік қарыздары мен микрокредиттері бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін көздейтін Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Fingramota.kz әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскерге шақырылушылар мен әскери қызметшілерге банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру жөніндегі іс-қимыл алгоритмімен бөліседі:

1. Қорғаныс министрлігі Агенттікке мерзімді әскери қызмет өткеретін, қарыздары бар әскерге шақырылушылар мен әскери қызметшілердің дербес деректерін және банктің немесе МҚҰ-ның атауын көрсете отырып, тізімін ұсынады;

2. Агенттік Қорғаныс министрлігінен алған мерзімді әскери қызмет өткеретін және банктік қарыздары мен (немесе) микрокредиттері бар әскерге шақырылушылар мен әскери қызметшілердің тізімдерін банктердің, МҚҰ-ның немесе коллекторлық агенттіктердің атына жібереді;

3. Банктер мен МҚҰ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген берешекті өндіріп алудың барлық нысанын кейінге қалдыруды, сондай-ақ тоқтата тұруды жедел беруді жүзеге асырады.

​«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабына сәйкес, әскерге шақырылушы немесе әскери қызметші не оның заңды өкілі өтінішпен және әскери қызметшінің әскерге шақырылғанын немесе мерзімді әскери қызметтен өткенін растайтын анықтамаларды қоса тіркеп жүгінген кезде банктер мен МҚҰ-ның банктік қарыздар мен микрокредиттердің төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынуы жүзеге асырылады.

Қарыз алушы кредиторға жеке жүгіне ала ма?
Қарыз алушы өтінішті банкке немесе МҚҰ-ға электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильдік қосымша, басқа да байланыс құралдары арқылы не кредитордың кеңсесіне бару арқылы дербес жіберуге құқылы. Өтінішке әскери қызметшілердің мерзімді әскери қызметке шақыру немесе өткеру фактісін растайтын анықтама қоса берілуі қажет.
Әскерге шақырылушыларға немесе әскери қызметшілерге қарыздар бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі кредиторға жеке өзі жүгінген кезде және Қорғаныс министрлігінің тізіміне сәйкес беріледі. Сондай-ақ, кредиторға өтінішті қарыз алушының өкілдері сенімхат бойынша бере алады.

Бұл ретте Агенттікке қосымша өтініш жіберу талап етілмейді.

Кредитордың әрекеттері

Негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша банктік қарыздардың және (немесе) микрокредиттердің төлем мерзімдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі берілген кезеңде кредитор:

1) қарызды пайдалану кезеңінде берешекті өндіріп алу үшін атқарушылық жазба жасау үшін сот талап-арыздарын беру, нотариусқа жүгіну;

2) қарыз алушының (қоса қарыз алушының, кепілгердің, кепіл берушінің) міндеттемелері бойынша банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) балансына қабылданғанды қоса алғанда, тұрғын үйді сатуды;

3) қарыз алушының (қоса қарыз алушының, кепілгердің, кепіл берушінің) отбасын тұрғын үйден, оның ішінде банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) балансындағы үйден шығаруды тоқтата тұрады.

Сот актілері шығарылған қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша кредитор берешекті өндіріп алудың барлық нысанын тоқтата тұрады.

Кредитор бас тартқан жағдайда не істеу керек?

Кредитор төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін беруден бас тартқан жағдайда, әскерге шақырылушы немесе әскери қызметші Агенттікке мынадай тәсілдермен ресми түрде:

•​ Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы (https://egov.kz/cms/ru), «Электрондық өтініштер» сервисінде «Онлайн қызметке тапсырыс беру» тармағын таңдап, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш мәтінін толтыруға;
•​ eOtinish (https://eotinish.kz/) электрондық сервисінің көмегімен. Өтініш беру eGov қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, «Өтініш беру» сервисінде «Өтініш» таңдап, өтініштің мәтінін толтыру арқылы;
•​ Агенттіктің мынадай мекенжайы бойынша жазбаша түрде: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй;
•​ мекенжайын Агенттік сайтынан алуға болатын Агенттіктің өңірлік өкілдер басқармаларына жүгінуге құқылы.

Қосымша консультация алу үшін әскерге шақырылушы немесе әскери қызметші Агенттікке:

- «1459» нөмірі бойынша call-орталық;
- App Store и Play Market-тен жүктеуге болатын «?????????? ??????» мобильді қосымшасы арқылы жүгіне алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале