26.03.2025, 9:30
Оқылды: 50

Әскери қызметшілерге ақшалай үлес пен жәрдемақы төлеу қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті  «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен өзге де төлемдерді төлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жазды. 

6a558e4d362d39fa7077207ece76b742_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Нормативтік құқықтық актінің жобасы оның нормаларын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Құжатта сонымен қатар кейбір қолданыстағы нормалар нақтыланған және егжей-тегжейлі көрсетілген.

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 4 сәуіріне дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15493822

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале