13.09.2022, 17:15
Оқылды: 24

Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді

Депутаттардың елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

17

« Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім.

Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді.

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді» деп жазды Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ, жазбада Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы керегі айтылған.

«Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс» делінген сөз соңында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале