28.10.2024, 13:00
Оқылды: 32

«Астана-Семей» бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды

Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастырып жатыр. Мәселен, «Астана – Семей» бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_0150

Сурет: видеодан скрин

«Арай Транс KZ» ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе. 

Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т. б. жабдықталған. 

Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале