14.02.2025, 10:15
Оқылды: 126

Астана вокзалында жүк контейнері жарылды - ҚТЖ

Астанадағы ескі вокзал аумағында жарылыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

113ea324-ac34-4110-9e86-da8947d35c1a (1)

Сурет: kaz.inform.kz

БАҚ-та тараған дерекке қарағанда, жарылыстың дүмпуі нысан маңындағы тұрғын үйлерге сезілген.

Төтенше оқиғаға қатысты «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.

- 2025 жылдың 14 ақпаны сағат 00:30-да Астана стансасындағы сұрыптау жолында жүк контейнерінде дүмпу болды.

Бұрын контейнерде жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар контейнердің жеке компанияға тиесілі екені айтылады.

Уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу басталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале