20.08.2024, 11:15
Оқылды: 108

Астанада жас ұстаздардың форумы аяқталды

Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастыруымен өткен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жас педагогтердің ІІІ республикалық форумы аяқталды. Биыл еліміздің барлық өңірлеріндегі ауыл мектептерінде қызмет ететін 300-ден астам жас ұстаз танымал алаңда бас қосты. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы баспасөз қызметі хабарлады.

attach

– Мұғалім – еліміздегі ресми мәртебесі белгіленген жалғыз мамандық, ол мұғалімнің ерекше миссиясын растайды, – деп атап өтті форумның ашылуында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин «Жас ұстазды» NIS-тің үздік дәстүрлерінің бірі деп атауға болатынын атап өтті.

– Балалар жақсы көретін адамдарынан үйренеді. Сыныпқа кірген кезде сіздердің алдарыңызды Қазақстанның болашағы отырғанын ұмытпаңызыдар, – деді ESEN Foundation және ANSA қорлары консорциумының өкілі Камила Башарова.

2E114993-A909-4D96-B77D-EAC97F2C2033

Мотивациялық көшбасшылар жеңіс пен жетістік құпияларын бөлісті: «Қанаттылар» инклюзивті театрының негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі Арнұр Ысқақов, Шығыс Қазақстан облысы Құлынжон ауылындағы «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің» директоры Аралбек Берікұлы, душанбелік мектептің бас директоры Мехрон Ортиков, «Айчурек» Бішкек кыздар лицейінің директоры Эрлан Сатаров, білім беру сарапшысы Лаура Вайгорова.

Форумда алғаш рет «Әр сабақты қалай ерекше етуге болады: менің тәжірибем»,«EDUNEXT: болашақтағы цифрлық білім» шеберлік сағаттарын жас мұғалімдердің өздері өткізді.

attach (2)

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен ашық әңгіме үшінші республикалық форумның ең жарқын сәтіне айналды. Еліміздің бас мұғалімініңсөйлеген сөзінің барлығын «Жас ұстаз – 2024» делегаттары түртіп алды.

Ted Talks-те әлеуметтік инноваторлар Ассоциациясының Президенті Эмин Аскеров бар болғаны жарты сағатта мүмкін емес нәрсені жасады –ол әрбір форум делегатын жеңіске жетуге және өз болмысын жақсартуға шабыттандырды. Эмин Аскеровтың бірегейлігі – ол Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті шындыққа айналдырып, ерекше санаттағы – мүгедектер мен қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдармен бизнес құру өнерін меңгерген.

attach (1)

«Ауыл мектебін дамытудағы mainstream», «Мен эмпат мұғалім: оқу сәтті болғанда», «Жасанды интелеллект: жаңа дәуірге жол ашамыз» шеберлік сағаттары мен тренингтердің символдық атаулары да тек алға ұмтылған, өр талапты мұғалімдердің керемет ынтасын байқатады. Олардың әрқайсысы ұстаздық мансабының басынан бастап табысқа жетуге ынталы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале