10.07.2024, 15:15
Оқылды: 79

Астанада бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелген

Елорда прокуратурасы көші – қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 ш.м. бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

Үй

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Мемлекеттік айыптаушы – прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған адамның кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімімен пәтердің иесі сотталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале