25.10.2017, 11:37
Оқылды: 40

Астанада БҚО әкімінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуде

c0f1caec-553c-43a8-a5ec-98b6c308b224Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан брифингте облыс әкімі Алтай Көлгінов 9 ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы айтуда.


Оның айтуынша, өңірдің жалпы өнімі жарты жылда 11 пайызға өсіп, 990 млрд теңгені құрады. Ал өнеркәсіп өнімнің көлемі – 1,4 трлн теңге. Өсім 9,2 пайызды құрап отыр. Тау-кен өндірісі 10 пайызға (1,2 трлн.теңге) өңдеу өнеркәсібі 3 пайызға (114 млрд. теңге) өсті.

- Өңірімізде құрылыс қарқыны жоғары. Бұл салада 5,4 пайыз өсім бар. (76 млрд.теңге) Негізгі капиталға инвестиция көлемі 245 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда төмендеу байқалады. Бұл төмендеудің себебін айта кетер болсақ, өңірдегі ең ірі өндіріс ошағы Қарашығанақта үш жылда бір болатын жөндеу жұмыстарына байланысты. Жаңа құрылғылармен жабдықталған өндіріс ошағының ауқымы алдағы уақытта қуатын арттыратын болады, - деді А.Сейдірұлы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале