2.03.2026, 17:00
Оқылды: 33

Астанада ЛРТ көктемде іске қосылады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында ЛРТ-ның қашан іске қосылатыны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігіні ресми сайты, - деп жазады Астана қаласының әкімдігі.

_gluster_2026_3_2_b771b80288bb7949f21f77a7b55ae7bf_1280x720

«Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярмен бірге LRT депосының ғимаратына барып, жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру аясында құрылып жатқан Бірыңғай диспетчерлік орталықтың жұмыс дайындығымен таныстық.

Орталық көлік жүйесін басқару мен қаладағы жол-көше желісіндегі процестерді үйлестірудің негізгі элементіне айналады.

_gluster_2026_3_2_071d1ed7c982d11e4b4fdb75b1e7e8bf_1280x720

Оның функционалына LRT құрамдарының қозғалысын басқару, интеллектуалды көлік жүйесінің бағдаршам нысандарын үйлестіру, қоғамдық көлікті диспетчерлік сүйемелдеу, велосипедті жалға беру жүйесін диспетчерлеу, сондай-ақ көлік деректерін өңдеу және сараптамалық талдау кіреді.

Сол сияқты аралау барысында «Әуежай», «Бәйтерек», «Министрліктер үйі», «Музей» станцияларының жай-күйін қарадық. Сынақтық пайдалану бекітілген сынақ бағдарламасына сәйкес бүкіл желі бойынша жүріп жатыр. Сынақтар инфрақұрылым мен қауіпсіздік жүйелерін тексеруді, сондай-ақ персоналды даярлауды және апаттық рәсімдерді пысықтауды қамтиды. Құрамдар Орталық Азияның климатына бейімделген, төмен температура мен мұздануға төзімді.

_gluster_2026_3_2_b968b841fd59477dbab948adf276e00d_1280x720

LRT құрамдары пилотсыз режимде қатынайды. Сынақтық пайдалануды аяқтау және жолаушылар қозғалысын бастау күні барлық іс-шара кешені толық орындалып, жүйенің белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін анықталатын болады. LRT жұмысының басталуы жақын айларда (көктемде) күтіледі», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале