2.05.2024, 14:59
Оқылды: 47

Астанада «Набат операциясы» фильмінің тұсаукесері өтті

"Қазақфильм" Ұлттық киностудиясы «Набат операциясы» драмалық экшн-фильмін ұсынды", - деп хабарлайды ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі.

9d56a320cc18b049398dc19fb157d0a0_1280x720
Фильмді режиссер Рашид Сүлейменов түсірген. Картина шынайы оқиғаға негізделген және 1992 жылы жасалған арнайы операция туралы баяндалады. Түрмеден қашқан тұтқындар автобус жолаушыларын кепілге алып, оларды қазақстандық құқық қорғау органы қызметкерлері құтқарады.

Көрсетілімге мемлекеттік органдар, киноиндустрия өкілдері және басты рөлдерді сомдаған актерлер қатысты.

«Қазақфильм» президенті Азамат Сатыбалдының айтуынша, бұл фильм биыл Ұлттық киностудия түсірген тұңғыш премьера.

Фильмді 2 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалауға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале