29.03.2026, 11:30
Оқылды: 59

Астанада өткен Әлем кубогында шпагашы Руслан Курбанов күміс жүлде жеңіп алды

Астанада өтіп жатқан семсерлесуден (шпага) Әлем кубогында қазақстандық Руслан Курбанов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

IMG_1023

Фото: Сали Сабиров

Финалда жерлесіміз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға жол берді.

Шешуші кездесу 15:12 есебімен Свичкардың пайдасына аяқталды. Осылайша, Руслан Курбанов жарысты екінші орынмен түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Курбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале