Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған полицей қыз қаза тапты. Ақпаратты Астана қаласының Полиция департаменті растады, деп жазды Іnform.kz.

Астанада қайғылы жағдай болды. Көпқабатты үйдің 9 қабатынан құлаған бойжеткен көз жұмды.
— Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын-ала болжам бойынша мерт болған адам 9-қабаттан құлаған, - деді полияциядан.
Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.