5.04.2025, 18:30
Оқылды: 230

Астанадағы бокс кеші: Әлішер Әбдуәлім қарсыласын жеңді

Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссинге арасындағы IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сарапқа салған бокс кеші басталды.

c4d2c05e-ffa0-476c-b22d-c023498b37dd

Фото авторы: Нұрғали Жұмағазы

Көптен бері елде болмаған бокс мерекесін жартылай орта салмақтағы Әлішер Әбдуәлім үндістандық Ашиш Чаудхари ашты. Кәсіпқой бокстағы жекпе-жек саны бір-біріне пара-пар қос жауынгер айқасының алғашқы раундтары ринг иесі Әлішердің сәл ғана басымдығымен өрбіді.

ad344adc-d702-4040-94da-720d306657fa

Қаша жүріп, қарымта шабуылға шығатын үнді боксшысы да осал емес екенін көрсете білді. Төрт раундқа созылған айқас қорытындысында Әлішер Әбдуәлім жеңіске жетті.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале