17.01.2025, 11:30
Оқылды: 256

Астананың әскери музейінде Әлия Молдағұлованың өшпес ерлігі еске алынды

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде Кеңес Одағының Батыры, қазақтың ержүрек мерген қызы Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған ерлік сабағы өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

8b63d83d1a5076473d081f49a6c9ff0f_1280x720

 

Шараға Астананың оқушылары, колледждердің және жоғары оқу орындарының студенттері, ардагерлер ұйымдарының, іздестіру топтарының өкілдері, музейдің әскери қызметшілері мен ғылыми қызметкерлері қатысты.

b4f9a3128f4ad6316c55d922ab1bd5e5_1280x720

Сурет: gov.kz

Әскери-тарихи музейдің бастығы майор Дәулет Қадыров 2025 жылғы 25 қазанда Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толатынын еске салды. Осыған байланысты Қазақстанда ауқымды мерейтойлық іс-шаралар өтеді.

– Биыл Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы аясында батыр қызымызды еске алып жатырмыз. Ерлік сабағына оқушылар мен студенттерді шақырдық. Жастар қан майданда шайқасып, жеңіске баға жетпес үлес қосқан қазақ жауынгерлерінің рухы қандай мықты болғанын білуі тиіс, – деп атап өтті Дәулет Қадыров.

Іс-шараға қатысушылар Әлияның 1944 жылдың қаңтарында әпкесі Сапура Молдағұловаға жіберілген соңғы хатының аудиожазбасын тыңдауға мүмкіндік алды.

«Мемориалдық аймақ» іздеу жасағының командирі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Майдан Құсайынов өткенді ұмыту – Отан үшін қаза тапқан адамдарды естен шығарғанмен бірдей екенін алға тартты. Ол батырлардың өшпес ерлігі мәңгі жадымызда қалатынын айтты.

Іс-шара ХХ ғасырдағы әскери тарих залындағы экскурсиямен аяқталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале