10.06.2022, 17:30
Оқылды: 6

Астық экспорттаушыларға қосымша құн салығы қалай қайтарылады?

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
EC09E729-440D-478A-AFB2-FD74491CA205
«Астық экспорттаушыларға қосымша құн салығын қайтарудың оңай жолы» тақырыбындағы конференцияда Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов өткен жылдың 17 қарашасынан бекітілген бидайды экспортқа сатушыларға ерекше тәртіпте қосылған құн салығын қайтаруды көздеген пилоттық жоба туралы айтып берді. 

Бұл пилоттық жобаның ерекшелігі тауарлық физикалық қозғалысты бақылап отырамыз. Егіс қалай басталды, өнімділігі қалай? Мұның барлығы «Қолдау» ақпараттық жүйесінде көрсетіледі. Онда қай шаруашылықтың егістігінде астықтың қандай көлемі өсірілгенін, қай мәдениет өсірілген екенінің толық көрінісі болады. Шынымен шаруашылық иесі сол адам ба, бұл жер оныкі ме, вагондарға тиеп, экспортқа жібергеніне дейінгі егжей-тегжейлі толық цикл ақпараттық жүйеде бекітіледі. Бұл жағдайда бізде де қағаз жүзінде көрсетілген нәрсе тек қағаз жүзінде қалды деген күмән болмайды, – деді ол. 

Сонымен қатар, Қайрат Миятов неліктен астық экспрорттаушылар логистикалық тізбекті қысқартуға мүдделі екенін түсіндірді. 

Өйткені тәжірибе көрсеткендей, экспорттаушылар үміт еткен сома үнемі қайтып келмейді. Соңғы үш жылда соманың 46 пайызын қайтарған жоқпыз. Себебі шығынды ұлғайтатын күмәнді жеткізушілер пайда болады. Олар кірістен салық төлемеу үшін қосымша құн салығының бағасын ұлғайтып, экспорттаушының шығынын көбейтуге тырысады, – деді ол.  

Сондықтан пилоттық жоба нарықты тазартып, нақты шығындарды көрсетуге бағытталады. Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары ақпараттық жүйеден экспортқа жібергеніне дейінгі толық цикл көрсетілген жағдайда қосымша құн салығын қайтару жүзеге асатынын айтты.

Baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале