29.03.2023, 18:00
Оқылды: 2

Асхат Тағыберген Еуро іріктеуіндегі ең мықты гол авторы атануы мүмкін

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (UEFA) 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің екі туры бойынша үздік голға үміткерлер тізімін жариялады. Ол қатарда Қазақстан құрамасы капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания құрамасы қақпасына соққан голы да бар. Бұл туралы vesti.kz жазды.

344f1931-eb69-4218-bc82-99c2d0ed60dc

Фото: vesti.kz

Асхат Данияға қарсы ойында 86-минутта таразы басын теңестірді. Алыстан шиіре тепкен добын Каспер Шмейхель қайтара алған жоқ.

Іріктеу кезеңіндегі үздік голдар тізіміне Асхаттан өзге Букайо Сака (Англия), Владислава Морозов (Беларусь) және Андрея Буркэнің (Румыния) голдары енген. Мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале