2.09.2024, 16:30
Оқылды: 192

«Асыл домбыра» тележобасының үшінші маусымы өтеді

«Хабар» телеарнасының эфирінде «Асыл домбыра» жобасы жалғасады. Бұл командалық сайысқа еліміздің әр қаласы мен облысының құрамалары қатысады. Әр командада үш ақын болады.

44B095AC-EED1-49B4-B093-E0C21949BB12

Суреттер: Мақсат Құсайын

Жобаның мақсатыжастардың айтысқа қызығушылығын арттыру, айтысты басқа қырынан көрсету, тың идеялармен байытып, жаңа форматта көрермен назарына ұсыну, сол арқылы көрерменді айтысқа тарту.

339AF959-77CE-450E-9F72-617DC16A2386

Жаңа маусым қыркүйек айында басталады. «Асыл домбыра» тележобасы әр сенбі көрерменмен қауышады.

Тележобаны белгілі ақын, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов жүргізеді.

1C28A52B-BC2B-4D58-A25F-879494CC5AE4

Айта кетейік, былтыр аталған тележобада БҚО құрамасы топ жарған болатын.

Кәмила Аманова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале