10.03.2022, 19:32
Оқылды: 15

«Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды

Бүгін Орал қаласында аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балаларды қолдау мақсатында «Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды. Аталмыш орталық Самал көшесі, 102 мекенжайында орналасқан. 

IMG-20220310-WA0019

– Екі жылдай бұрын ата-аналар осындай орталықтың керек екенін айтқан еді. Арнайы мекеме биылғы Балалар жылы аясында ашылды. Қала әкімдігі көлемі 700 шаршы метрге жуық ғимаратпен қамтамасыз етті. «ҚПО б.в.» компаниясы жөндеу жүргізді. Ал «Болат Өтемұратов» қоры заманауи жабдықтармен, жиһаздармен қатамасыз етті. Ең бастысы, бұл қор осында қызмет ететін педагогтердің білімін жетілдіріп, аутизм спектрі бұзылған балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру сапасын жақсартатын, аутизмді түзетудің озық әдістеріне үйрететін арнайы курста оқытты. Аутизммен ауыратын балалар – ерекше балалар. Сондықтан олардың бойындағы жасырын талантты тауып, мүмкіндіктерін ұштайтын мамандар да жай педагог болмауы керек. Олар тәрбиеші де, психолог те, жалпы мейірімді жан болуы қажет.

IMG-20220310-WA0024

Орталықтың қызметіне сәттілік тілеймін. Балалардың еліміздің абыройлы азаматы болып тәрбиеленіп шығуына тілектеспін, – деді орталықтың салтанатты ашылуында облыс әкімі Ғали Есқалиев. «Болат Өтемұратов» қорының атқарушы директоры Марат Айтмағамбетов орталықтың ашылуына қолдау білдіргендері үшін облыс және қала басшылығына алғысын білдірді.

IMG-20220310-WA0020

IMG-20220310-WA0022

Орталық тегін қызмет көрсету арқылы ата-аналарға зор қолдау білдіретінін атап өтті. Облыс әкімі барлық кабинетті аралап, педагогтермен сөйлесіп, жұмысымен танысты.

IMG-20220310-WA0018

Аутизм орталығында «Болат Өтемұратов» қорының «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасы жүзеге аспақ. Мұнда «Ерте қолдау», «Оқыту дағдыларын дамыту», «JASPER сөйлеу дағдыларын дамыту», «Әлеуметтік дағдыларды дамыту», «Өмірлік дағдыларды дамыту» және «Қарқынды курс» бағдарламалары бойынша кабинеттер жасақталған. Бұл бағдарламалар АСБ-ны анықтауға және әлеуметтік, сөйлеу және тұрмыстық дағдылардағы кемшіліктерді жоюға бағытталған.

IMG-20220310-WA0027

Орталық директоры Дилара Салыхованың айтуынша, облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің тізімінде 253 бала аутизм спектрі бұзылған балалардың тізімінде тұр. Бұл балалардың жоғарыда аталған бағдарламаның қайсысы бойынша білім алатынын анықтау үшін олар диагностикадан өтеді. «Ертеңнен бастап 50 шақты баланы диагностикадан өтуге шақырамыз. Әр бала жеке таңдалған бағдарламаға сай үш айлық оқу циклінен өтеді. Орталыққа аптасына үш рет келеді. Курс бойынша 36 сабақ бар. Орталыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы негізінде туғаннан бастап, 18 жасқа дейінгі балалар келе алады. Олар тізім бойынша қабылданады. Сабақтар тегін өткізіледі. Үш айда даму ерекшелігіне қарай 104 баланы қамту көзделіп отыр, – дейді орталық директоры.

IMG-20220310-WA0023

Заманауи оқу құралдарымен және жиһаздармен жабдықталған «Асыл мирас» орталығындағы сабақтарға ата-аналар да қатысады.

 

Айна Имашева, 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале