2.02.2022, 12:10
Оқылды: 65

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы республикалық палаталардың құзіреті кеңейтілмек

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы республикалық палаталардың қызметтерін реттеу мақсатында заң жобасымен палаталардың құзіреті кеңейтіліп отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210524180959489a3791862i

Айта кетейік, палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Заң жобасының 16-5-бабында ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдарының құзіретін күшейту қарастырылады. Аталған ұйымдар уәкілетті органмен бірлесіп жаңа нормативтік-құқықтық актілерді даярлауға және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жүйелердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуге қатысатын болады. Сонымен бірге, «Молекулярлық генетикалық сараптама» жаңа 21-1-бабы қарастырылуда. Аталған бапта молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу кезіндегі негізгі ережелер, тапсырыс берушінің (мал иесі) және мамандандырылған зертхананың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Одан басқа молекулярлық генетикалық сараптаманың орындаушыларын заңды негізде бекіту үшін, «мамандандырылған зертхана» деген жаңа ұғым енгізілуде», - деді Е. Қарашөкеев.

Одан басқа, құжаттың 28-3-бабында асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы республикалық палаталардың қызметтерін реттеу мақсатында заң жобасымен республикалық палаталардың құзіреттері нақтыланады және кеңейтілуде. Мәселен, республикалық палата мүшелерін шақыру, республикалық палата мүшелерінің кезектен тыс жиналысын өткізуге жинау және республикалық палата төрағасының өкілеттік мерзімдері заң негізінде анықталынады.

«Республикалық палатаның атқарушы органына асыл тұқымды малдардың реестрін жүргізу және оның мәліметтерін асыл тұқымды малдардың республикалық реестріне қосу үшін уәкілетті органға ұсыну мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, заң жобасымен жұмыс істеу кезінде Мәжілісте депутаттар құжаттың ережелерін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзерістер мен толықтырулар енгізді. Олардың кейібіреулеріне тоқталып кетуге рұқсат етіңіздер. Мәселен, заң жобасының жаңашылдығының бірі - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында профилактикалық бақылау жүргізудің ерекшеліктерін регламенттеу (ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес). Мемлекеттік бақылаудын бұл түрі субъектіге бармай-ақ заң бұзушылықтарды болдырмауға және жол бермеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ең бастысы, бақылау субъектілеріне өз бетінше уәкілетті орган аңықтаған заң бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік жасайды», - деді министр.Оның айтуынша, заң жобасының тағы бір жаңашылдығы - асыл тұқымды орталықтарға ұрық сатып алу мүмкіндігін беру. Одан басқа, республикалық палаталардың ұсыныстары бойынша жануарлардың тұқымдық әрі өнімділік қаситеттерін жақсарту мақсатында заң жобасымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жаңадан алынған ұрық және эмбриондарды пайдалануға мүмкіндік ашылып отыр.

«Жалпы қарастырылып жатқан Заң жобасындағы барлық қабылданып жатқан түзетулер өсіріліп отырған мал тұқымдарының генетикалық әлеуетінің денгейін арттыруға, асыл тұқымды селекциялық жұмыстардың сапасын жетілдіруге, асыл тұқымды мал басы санының өсімін жеделдетуге және республикадағы жануарлардың өнімділік деңгейлерін арттыруға бағытталған», - деді ведомство басшысы.

\

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале