5.04.2024, 10:30
Оқылды: 109

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында 1,7 млн ата-ана оқудан өтті

​​Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында 1,7 миллионнан астам ата-ана оқудан өтті.

IMG_20240405_102603_160

Фото: t.me/oqu_agartu/9699

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты хабарлағандай, осы жылдың қаңтар айынан бастап ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарында 64 мыңнан астам сабақ өткізілді.

«Осы жылдың қаңтар айынан бастап 1,7 млн-нан астам ата-ананың қатысуымен 64 мың іс-шара өткізілді. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасы ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету және олардың позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру үшін оқу орындарымен күш біріктіруі көзделген. Орталықтарда көрсетілетін тұрақты психологиялық қолдау ата-аналарға тәрбиенің тиімді стратегияларын дамытуға, балалармен қарым-қатынасты жақсартуға және әртүрлі отбасылық мәселелерді шешуге көмектеседі», - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық білім беру ұйымында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істеп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале