Орал қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы жеті жалпы орта білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң: тарихы, мәні, маңызы» тақырыбында эссе және «Сайлау» тақырыбында диктант жазба жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға 10-11 сыныпта оқитын 424 оқушы қатысты.

Сонымен қатар қаланың он жеті мектебінде 7-8 сыныптары оқушылары арасында «Конституция және шығармашылық» тақырыбында 68 оқушы қатысқан сурет көрмесі ұйымдастырылып, үздік деп саналған жұмыстар Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылды.

Қала мектептерінің жақын арадағы жоспарларына дәстүрлі түрде қазан айындағы «Мұғалімдер күнінен» кейін өтетін мектеп президенттерін сайлау кіреді, сонымен қатар қалалық мектеп президенттерінің форумы да алғаш рет жоспарланып отыр.


Айта кету керек, қала мектептерінде жастарды электоралдық тәрбиелеу жұмыстары жүйелі негізге ие болуда. Қалалық білім бөлімі тарапынан өскелең ұрпақты белсенді азаматтық рухта тәрбиелеудің, оны елімізде болып жатқан қайта құру үдерістеріне тартудың ел үшін өзектілігі мен маңыздылығын нақты түсіну қалыптасуда.

Себебі, санаулы жылдардан кейін бүгінгі мектеп оқушылары ел дамуының векторын айқындайтын болашақ сайлаушылар қатарына кіреді.

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы да өз тарапынан ұйымдастырылатын іс-шараларға әдістемелік және басқа да ұйымдастырушылық көмек көрсетіп, үлесін қосуда.
Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясы