21.08.2023, 17:30
Оқылды: 55

«Ата жолы» картасы таныстырылды

ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев қазақ диаспорасымен және шетелдегі қандастармен өзара іс-қимыл жөніндегі халықаралық семинар-форумға қатысып, басқа елдердің азаматы саналтаын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын таныстырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, «Ата жолы» картасы – тарихи отанымен байланысты нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға, сондай-ақ елге кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерді тартуға бағытталған ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың жаңа құралы.

7fc8ad1fc6551d7286c4140308c6eba9_1280x720

Алматы қаласында өткен семинарға «Отандастар қоры» КЕАҚ, «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан және Ресей Федерациясының сарапшылары және басқалар қатысты.

- Көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру аясында біз шетелде табысты бизнес-кейстері бар этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібін бекіттік. Бүгінгі таңда «Ата жолы» картасын беретін 50 этникалық қазақтың алдын ала тізімі қалыптастырылды, – деді Комитет төрағасы.

Пленарлық сессиялар мен интерактивті пікірталастар барысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы диаспораның әлеуетті үлесі мен рөліне көзқарас ұсынылды, сондай-ақ қазақ диаспорасымен және шетелдегі қандастармен коммуникациялық стратегияны одан әрі ілгерілету және пысықтау жөніндегі қадамдар әзірленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале