Менің атам Сәлімгерей Нықышев – майдангер. Атам 1904 жылы Батыс Қазақстан облысының Чапаев ауданындағы Коммунизм колхозында дүниеге келген. Ол – Чапаев аудандық әскери комиссариатынан фашистік Германияға қарсы алғашқы болып соғысқа аттанғандардың бірі.
«Орал қаласында жиналған адамдарды вагондарға тиеп, кейбіреуіміз үйден шыққан киімімізбен, қару-жарақ алып үлгермей-ақ, көтеріңкі көңілмен аттанып кеттік. Бізге «Советтік Қызыл Армияға тең келетін, төтеп беретін күш жоқ, қандай жаудың да күлін көкке ұшырып, өздері қазған орға өздерін көмеді» деп сендіріп қойып еді. Шындығында, өте қиын болды. Соғыс пен бізге айтылған әңгіменің арасы жер мен көктей екенін түсіне бастадық. Киім-кешек жеткіліксіз, азық-түлік тапшы, тіпті қару-жарақтың өзі жетіспей жатты, екі-үш солдатқа бір қарудан болды ғой», – дейтін атам сол күндерді еске алғанда.
Бұл жөнінде толығырақ оралдық оқырман Әсия Салиеваның облыстық «Орал өңірі» газетінің №91 санында жарияланған «Атамды сағынамын» мақаласынан оқи аласызар!
zhaikpress.kz