11.01.2022, 9:47
Оқылды: 42

«Атамекен» ҰКП: Бизнеске келтірілген шығын – 95,3 млрд. теңге

 Еліміздегі лаңкестік әрекеттер салдарынан бизнеске келтірілген шығынның жалпы сомасы 95,3 млрд. теңгеден асты. Мәлімет осы жылдың 11 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша көрсетілген.

xyat82pU9ZsXMD8G6iet7HSR4KiNwOP4L85jLhoI

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы соманың 93,8 млрд теңгесі – Алматыдағы бизнеске келген шығын.

"Байланыс орталығына 3 507  қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1669, форс-мажор – 138, блокбекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1671. Елдің 9 өңірінде  1709 нысанда орналасқан 1528 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1578 нысанда орналасқан 1408  субъект", - делінген хабарламада.

“Атамекен” ақпаратына сәйкес, зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1448, қоғамдық тамақтану – 32, қаржы секторы – 37, логистика – 9, БАҚ – 2.

 BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале