«Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі екінші дүниежүзілік соғысында хабар-ошарсыз кеткен аталарымызды іздестіріп, жерленген жерлерін белгілеу үшін тізім жасайды.
Өтініш беру үшін бізге келесі мәліметтер керек.
(барлық сұраққа жауап беруді өтінеміз)
- Атаныздың аты-жөні.
- Туған жылы (шамамен).
- Қайдан шақырылған (ауыл, село, аудан, облыс).
- Әйелінің, ата-анасының, аға-інілерің, апа-қарындастарының аты-жөнін білсеңіздер, жазыңыз. Әрбір аты маңызды, сонда іздестіру оңай (көптеген қазақ, түркі тегі, аттары дұрыс жазылмаған, бұрмаланған).
- Ресейдің мұрағаттарында іздедіңіздер ме? Ресейлік «ОБД Мемориал» сайтында деректер бар ма? Егер мұрағаттардан, Боздақтар Кітаптарынан, сайттардан мәліметтер бар болса, бізге жіберу керек.
- Іздеушінің аты-жөні: туыстық дәрежесі; мекен-жайы;
Кері байланыс үшін бір-екі телефон нөмір; Электронды пошта адресі.
Барлық сұраққа толығырақ жауап берулеріңізді өтінеміз.
- Іздеу мақсатыңыз: жерленген жерін анықтау, сарбаздың тағдырын анықтау, ұрыс жолын анықтау.
Өтініш қабылдаушылар:
Әлия Сағымбаева, 8-701-999-78-20, ватсапта
Райгуль Мушанова, +7-776-828-45-35 ватсапта
Марфуза Сулейменова, +7-776-828-45-34 ватсапта
Өтінішті осы жерде беріңіз --> https://form.ata-amanaty.kz
- өтінішті ata-amanaty.kz сайтында қалдыра аласыз:
- Фейсбуке https://www.facebook.com/groups/atamnyn.amanaty/
сілтемесі арқылы қосылыңыз:
- Біздің https://www.instagram.com/ata.amanaty/?hl=ru инстаграмға жазылыңыз.