Бүгін Астана қаласында еліміздегі ауа сапасының атмосфералық жағдайына арналған семинар өтті. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Жиынға экология және табиғи ресурстар вице-министрі Досбол Бекмағамбетов, орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері, Дүниежүзілік банк және қазақстандық «ECOJER» қауымдастығының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
«Өздеріңіз білетіндей, таза ауа адамдардың денсаулығы үшін де, ел экономикасы үшін де өте маңызды. Сырқаттың азаюы және өмір сүру ұзақтығының артуы халықтың экономикалық белсенділігі мен әл - ауқатының өсуіне ықпал етеді», - деді вице-министр.
Бүгінгі таңда республикамыздағы көміртегі шығарындыларының 80%-дан астамы энергетика секторына тиесілі. Оның ішінде көмірді пайдаланудың үлес салмағы тұрғын үйлерді жылыту және электр энергиясына тиесілі.