Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда. Құтқарылған балық шабақтарының жалпы саны 6,4 миллионды құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Сурет: gov.kz
Құтқару жұмыстарына 45 адам және 8 техника жұмылдырылды.

Құтқарылған балық шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқарылған балық түрлері – орташа салмағы 5-6 грамм болатын сазан және тұқы. Жағдай ерекше бақылауға алынған.