7.02.2025, 14:45
Оқылды: 254

Атырау облысында қуаты 144 мың тонна болатын қант зауыты салынады

«Голдбридж халықаралық компаниясы» ЖШС өңірде жылына 144 мың тонна қант өндіретін ірі қант зауытын салу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды.

ca2e5d7f7a90a1fd40952bf0038ef590_1280x720

Сурет: gov.kz

Жоба ішкі нарықтағы қантқа деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.

Аталған көлемдегі қант өндіру үшін шамамен 900 000 тонна қызылша немесе қант құрағы шикізаты қажет болады.

Инвестор атыраулық компаниямен келіссөздер жүргізді, ол қант қызылшасын өсіруге дайын.

Жобаның құны – 58 млрд теңге. 200 жаңа жұмыс орны ашылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале