Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды azh.kz.
25 мамырда сағат 18:00 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 490-шақырымында Toyota Ipsum көлігінің 37 жастағы жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай жолдан шығып кетіп, аударылып кеткен.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы (1975 ж.т., 1968 ж.т.) оқиға орнында көз жұмды. Көліктің Арменияда тіркелгені белгілі болды.